Шолу
Берілген құжат "Amaya Overview".
Құжаттың бастапқы мәтіні тек қана W3C сайтында бар: http://www.w3.org/Amaya/Amaya.html
Берілген аударма W3C ресми құжаты болып табылмайды. Барлық Авторлық құқықтарға W3C ие. Берілген құжатта аудармашылық қателер мен олқылықтар болуы мүмкін.
Amaya бұл кешенді орта, оның ішінде веб-браузер мен визуальды редактор орналасқан (WYSIWYG).
- Amaya тұтынушыларға веб-беттерін қарап шығу мен редакциялауғамүмкіндік береді
Amaya көмегімен веб- беттерін жасап, оларды серверге шығаруға болады. Авторлар құжатты жаңадан жасап шығаруға алады, олар Интернет беттерін қарай алады, оларға керекті мәлімет іздеп, оны көшіріп, өз беттеріне орналастыра алады, сонымен қатар басқа сайттарға сілтемелер жасай алады. Бұның бәрі қарапайым және ыңғайлы жолмен істеледі, іс-әрекеттер біріңғай ортада жасалынады. Редакциялау мен қарау функциялары бір сайманда біріктірілген.
- Amaya құжаттарды DTD (Document Type Definition) үлгісіне сәйкес құрылымдық түрде көрсетеді
(құжаттың түрін анықтау, құжаттың типін (үлгісін) сипаттау, SGML, XML тілдерінде DTD үлгісі - құжаттың преамбуласы, бұнда оның компоненттері мен құрылымы анықталады)
Amaya әрқашан да құжатты құрылымдық түрде DTD үлгісіне сәйкес көрсетеді. Құрылымы дұрыс құжат басқа саймандарға мәліметті дұрыс өңдеуге мүмкіндік береді.
Amaya құжаттың құрылымын экранда болатын форматтау аймағымен бірге көрсетуге мүмкінді береді.
- Amaya бірнеше құжаттармен бір уақытта жұмыс істей алады
Бірнеше (X) HTML құжаттары, мысалы, MathML (. Mml) және SVG (. Svg) құжаттары бәр уақытта көрсетіліп, редакциялана алады.
- Amaya авторларға гипермәтінді сілтемелер жасауға көмектеседі
Бұл редактор сілтемелерді жасасауға және сіз сол кезде жұмыс істеген құжаттан Интернеттегі басқа құжаттарға сілтемелерді бағыттауға мүмкінді береді. Сіз сілтемелерді қарап, бұл деректер бір –бірімен өзара қалай байланысқанын анықтай аласыз . Бұл функция HTML көрсеткіштерімен ғана шекетелмейді. Xlink сияқты, кез келген MathML мен SVG элементтері сілтеме бола алады.
- Amaya түсіндірмелерді бірігіп қосу мүмкіндігіне ие.
Түсіндірме – бұл мәтіннің белгіленген бөлігіне немесе бүкіл web құжатқа пайдалануға болатын ішкі белгілер, ескертпелер, қысқаша пікірлер.
Сіз Amaya толығырақ сипаттамасын және оның функцияларын W3C қысқа жазбаларында "Amaya кіріспесі" таба аласыз.

Суретте Amaya басты мәзірінің түрі көрсетілген. Үстіңігі жағында қарап шығуға арналған батырмалар орналасқан. Панелдің сол жағында редакциялайтын саймандар бар. Кез келген уақытта тұтынушы құжаттың кез келген бөлігін таңдап, оны HTML кодына түрлендре алады (H1, LI, EM т.б.), XHTML көмегімен палитралар немесе батырмалар жүйесі. Мұндай команда жеке бөліктерді таңдап алынған элементке түрлендіре алады.
Транспортты протоколдар
Amaya алыстатылған сайттарға HTTP/1.1 көмегімен шыға алады. Бұл протоколды W3C libwww. жүзеге асырды. Amaya суреттің ең сәйкес форматын табу мақсатымен контентті беріп жіберу, канал енін және авторизацияны сақтау үшін, алыстатылған басылмдарды қаматамасыз ету үшін белсенді байланысты қуаттау сияқты ең жаңа HTTP технологияларын пайдаланады.
CSS қуаттау

Amaya каскадты стилдерді (CSS), қуаттайды, аладйда толығымен емес. Алдыңғы көріністің түсі, фонның түсі, фондық сурет, біріктіру т.б. сияқты функциялардың кеңейтілген жинағын алу үшін Тұтынушы стильдердің арнайы саймандарын қолданып құжатты форматтай алады. Бұл жағдайда CSS синтаксисін жақсы білу шар емес. Сол уақытта Amaya HTML құжаттарымен сыртқы стильдердің ассоциирлену мен тексеру үшін эффективті механизмді береді. Тұтынушылар Amaya сонымен қатар CSS стильдерін, HTML беттерін енгізу, редакциялау, басып шығаруға қолдана алады.

Amaya математикалық өрнектері бар веб – беттерін қарап шығу мен редакциялауға мүмкіндік беретін математикалық деректердің өңдейтін гипермәтінді MathML тілді қолдайды (мысалдар қарау). Қалған құжат сияқты бұл деректер Amaya саймандар панелінде (конструкторлар жинағы мен арнайы белгілер) редакциялауға арналған белгілі саймандар көмегімен редакцияланады.
MathML элементінде белгілі бір белгілер жинағын тергенде Amaya жолды өңдеп, mo (оператор), mn (сан) и mi (идентификатор) элементтерін автоматты түрде жинақтайды.
Amaya атаулар кеңістігін MathML деректерін XHTML құжаттарына интеграциялау үшін қолданады, яғни HTML құжаттары XML форматына жазылады. Бұл механизм SVG графикасы мен MathML XHTML құжаттарындағы математиканы үйлестіру үшін пйдаланылады (мысалдар қарау).
SVG қуаттау

Amaya масштабталған векторлық графика (SVG), қондырмасын қуаттайды, соның ішінде: негізгі формалар, мәтін, суреттер мен foreignObject – сырттан алынған объектіні қосу (соңғысы HTML немесе MathML сызбалардағы деректер фрагменттерін қосу үшін қолданылады).
Сонымен қатар Альфа тазалық, түрлендіру мен анимация қуаталынады; және бастапқы SVG объект кез келген уақытта қаралып и редакциялана алады.
Графикалық объекттер XML тілінде жазылған және HTML мен MathML еркін түрде үйлестіріле алады. Мұнда Түсіндірмелер мен ескертпелерді жазу мүмкіндігі бар.
RDF пен Xpointer қуаттау
Amaya Resource Description Framework (RDF), XLink и XPointer технологиялары негізінде біріккен түсіндірмелер қалдыратын мүмкіндігіне ие. Техникалық жағынан қарастырғанда, түсіндірмелер метамәлімет ретінде қарастырылады, өйткені олар бар болғна мәліметтер элементі жайында қосымша мағлұматбереді. Бұл жобаның аясында біз арнайы RDF аннотация сұлбасын түсіндірмелерді сипаттау үшін қолданады.

Аннотациялар жергілікті түрде немесе бір не бірнеше түсіндірмелер серверлерінде . сақталана алады. Құжатты қарағанда, Amaya берілген құжат бойынша түсіндірмелер алу мақсатымен әрбір серверге сұраныс жібереді. Amaya сипаттау үшін
XPointer қолданады, мұнда түсіндірмелер құжатқа бекітілуі керек. Берілген технология көмегімен құжатты өзгертпей, кез келген құжатқа ескертпені автономды түрде қалдыру мүмкіндігі туады. Amaya түсіндірмелерді қарындашы бар
кіші суреттер түріндегі жазушы сайман сияқты көрсетеді . Және осы кәшә суреттерге Xlink атрибуттарын бекітеді. Ескертпелер кіші суретіне бір рет басқанда түсіндірме мәтіні белгіленеді. Екі рет басқанда түсіндірме мәтіні және басқа метамәліметтер жеке терезеде көрсетіледі.