W3C Amaya Using

AmayaAmaya

INSTALLAmaya көшіріп алу

MailХаттар тізімдері

DocumentationҚұжатнама

PeopleЖобаның әзірлеушілері

Amaya


Берілген құжат "Amaya Home Page".
Құжаттың бастапқы мәтіні тек қана W3C сайтында бар: http://www.w3.org/Amaya/Overview.html
Берілген аударма W3C ресми құжаты болып табылмайды. Барлық Авторлық құқықтарға W3C ие. Берілген құжатта аудармашылық қателер мен олқылықтар болуы мүмкін.


Редактор/Браузер W3C

Amaya - веб-редактор, желіде тікелей құжатты жасау және жаңарту үшін қолданылады. Бір пакетте қарап шығу, редакциялау және файлдарды алыстан басқару құралдары біріктірілген. Бұл Интернеттің біржақты жариялау ортасы ретінді емес, бірігіп жұмыс істеу кеңістігі ретінде қарастырылу қағидасына сәйкес келеді.

Amaya жұмысы 1996 жылы W3C (The World Wide Web Consortium) ауқымында web технологияларды көпфункционалды Web тұтынушыға көрсету мақсатымен басталды. Amaya веб-редакторының дамуының себебі W3C технологияларының барынша көп санын қамти алатын және оларды қолдану әдістерін көрсете алатын құрылымды жасау болды.

Бастапқыда өнім Web-құжаттардың (HTML и CSS-файлдарының) редакторы ретінде жасалды. Бүгінгі күні ол XML-құжаттары мен XML-айқындауыштарын өңдеуге мүмкіндік береді (XHTML тобы, математикалық формулаларды көрсету тілі MathML, векторлық графика есептеріне арналған SVG тілі, синхрондық технологиясының анимациялық модульдері SMIL).

Amaya веб-редакторына RDF, Xlink и Xpointer. стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін ұжымдық түсіндірмелерді қосу айқындауышы кіреді. Жан-жақты мәлімет алу үшін Annotea project сайтына кіріңіз.

Amaya – ашық коды бар өнім

Amaya ашық бастапқы коды бар W3C жобасының өнімі болып табылады. Сіз алғашқы мәтінді түзетіп, сақтай аласыз, соның ішінде қателерді түзету, кодқа, құжаттамаға өзгеріс кіргізу және т.б.

Өнім С тілінде жазылған Windows, Unix операциялық жүйелері үшін және MacOS X платформасына сәйкес келеді.

#amaya ашық кодының трансляциясы irc.w3.org (порт 6665).

Amaya әзірлеушілері

Amaya Браузері мен Редакторы W3C (The World Wide Web Consortium) және WAM-мен (Web, Adaptation and Multimedia) при INRIA (National de Recherche en Informatique et en Automatique)* институты қатысында жасалған. Әзірлеушілер тобының негізгі құрамы: Ирэн Ваттон (жобаның жетекшісі, INRIA), Лоран Карконе (W3C), Эмилиен Kia (INRIA), Винсент Кинт (INRIA).


Мағлұматты компьютерлік өңдеу мен автоматика саласын зерттейтін Ұлттық институт (WWW жобасының ұйымдастыруын бақылацтын француз ұлттық компьютерлік орталық).

Қосымша сілтемелер

берілген сілтеме бойынша Amaya өнімінің Поляк жобасы бар.

Казіргі түрі

Amaya screenshot

New Болашақ жобаның қысқаша шолуы дайын (9.99); негізгі өзгерістерге келесілер кіреді: контексті мәзір, ыңғайлы тұтынушы интерфейсі (өзгерістерді енгізу үшін Preferences қарау), скиндер мен құжаттар дизайны үшін жаңа стильдер панелі.

Amaya қазіргі жобасы 9.55 (10 шілде 2007) Linux, Windows операциялық жүйелерге сәйкес,ал соған қоса MacOS X PowerPC мен Intel (скриншотты қарау). Қазіргі жоба келесі бағдарламаларға сәйкес келеді HTML 4,01, XHTML 1,0, XHTML Basic, XHTML 1,1, HTTP 1,1, MathML 2,0, CSS 2, SVG (түрлендіру, мөлдірлік пен SMIL анимация). Сіз XML құжаттарын жарым-жартылай редакциялай және көрсете аласыз. Бұл халықаралық айқындауыш.

Келтірілген жобаға үлгілерді қуаттау кіреді, ол жарым-жартылай 6-шы Framework Programme Европалық Комиссиясен қаржыландырылады (European Commission)* Palette жобасының аясында.


*Европлық комиссия (Европалық Одағының атқарушы бөлімі, ұлттық үкіметпен бес жылға тағайындалатын, бірақ өздерінің міндеттерінде толығымен тәуелсіз жиырма мүшеден тұрады; комиссия құрамы Европа Парламентімен мақұлданады; комиссияның әрбір мүшесі ЕО саясатының белгілі саласына жауап береді және сәйкес Бас директоратты басқарады)

Жан-жақты мәлімет алу үшін Шолу бөлімін қараңыз.

Болашақта

Amaya өнімі лицензияланған W3C Software Notice and License. W3C-Amaya белгісі веб бетерінде орналасуы мүмкін,егер де олар Amaya-да жасалып, оның көмегімен редакцияланса.

Valid HTML 4.0! W3C-Amaya


Irиne Vatton
Date: 2007-10-17

Copyright  ©  1994-2007 INRIA and W3C® (MIT, ERCIM, Keio), All Rights Reserved. W3C liability, trademark, document use and software licensing rules apply. Your interactions with this site are in accordance with our public and Member privacy statements.

Sponsors: blood drug test | employment drug testing | hair drug test | pass a drug test | random drug testing | saliva drug test | urine drug test | workplace drug testing | employee drug testing | marijuana drug test | home drug test kits | drug testing kits